6.08.2022, 21:03
Оқылды: 83

Аламанды Қаблан ұтып алды

Балалар жылы аясында және спорт күніне орай Тасқала ауданы орталығында дала қызықтары ұйымдастырылды. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов дала қызықтарын тамашалауға келген қонақтарға алғысын білдірді. 

IMG-20220806-WA0024

"Балалар жылы аясында ұйымдастырылып отырған игі шараға келіп қатысқандарыңызға қуаныштымыз. Алыстан ат арытып келген қонақтарымызға алғысымыз шексіз. Елге қош келдіңіздер"- деді аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы.

IMG-20220806-WA0025

Одан кейін қазақ күресінен түйе балуандар боз кілем үстінде бақтарын сынап көрді. Ақтық сынға жолдама алған сырымдық Нұрымжан Ғаббасов пен тасқалалық Эльнар Жанболатұлы белдесіп, ақырында сырымдық балуанның мерейі үстем болды. Екінші орынды тасқалалық балуан қанағат тұтса, үшінші орынды Нұрсұлтан Мырзахметов иеленді. Одан соң тай бәйге басталып, казталовтық Сабырғали Қойшекенов баптаған тай мәре сызығын бірінші болып кесті.

IMG-20220806-WA0027

Топ бәйгеден Сырым Бекимов баптаған сәйгүлік топ жарып көрерменнің қошеметіне бөленді.

IMG-20220806-WA0028

Аламан бәйгеде ақтөбелік Қалдыбек Нұрпейсовтің тұлпары мәре сызығын бірінші болып кесті. Тойға жиналғандардың қарасы қалың болды.

IMG-20220806-WA0029

Деркөлдің жағасына тігілген ақшаңқан киіз үйлер игі шараға сән беріп тұрғандай.

Темірболат Тоқмамбетов,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале