16.12.2021, 17:43
Оқылды: 60

Алатаудан келген сый

Бөкей ордасы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті КММ педагогтары мен осы мекеменің тәрбиеленушілерінің ата-аналары арнайы курстан өтті.

1

Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер, мүгедектігі бар жастар, олардың отбасы мүшелері мен мамандарға оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық көмек берілді. Ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетілді. Тұлғалық дамуында түрлі бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасауда педагогтарға да, олардың ата-аналарына да басшылыққа аларлықтай  көп мағлұмат берілді.

Аталмыш мекемеге қарасты мамандар мен ата-аналар «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ұйымдастырған арнайы жобаға қатысуға міндетті екенбіз деп жай ғана тыңдаушы ғана боп қойған жоқ. Белсенді қатысқан бірегей ұжымның бірі болды.Күні кеше ғана аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті КММ-сіне жоба ұйымдастырушысы «Азамат әлеуеті» ЖҚҚ президенті, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының» аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер Алмагүл Сейсенованың атынан алғысхат келді. Алғысхатпен бірге әдістемелік көмекші құралдар мен әдебиеттер, оқу құралдары келді.

-Ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналары үшін де, олармен тығыз жұмыс жасайтын мамандар үшін де маңызы зор шара ұйымдастырғаны үшін «Азамат әлеуеті» ЖҚҚ-ына алғыс айтамыз. Эпидахуалға байланысты қашықтан болса да, саламызға, алдымызға келетін балаларымыздың дамуына қатысты білімнің жаңаша бағыттарымен таныстық. Бұл жоба тек мамандар үшін ғана емес, ата-аналар үшін де маңызды, мазмұнды болды деп ойлаймын. Ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық қолдау мақсатында осындай бірлескен жоба ұйымдастыру екіжақты тиімділі екеніне көзіміз жетіп отыр, – дейді мекеме басшысы Айнаш Атаева.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы  ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале