29.10.2021, 13:00
Оқылды: 51

Альбинаға ақ жол тілейміз

Бөкей ордасы ауданы Қ.Сағырбаев атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 11-сынып оқушысы Альбина Нариманова Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінен өтіп, республикалық білім бәйгесіне жолдама алды.

Альбина

11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі 2021 жылдың 22 қазанында өтті. Екінші (іріктеу) кезеңінің өзі екі турдан тұрады. Төрт  пән бойынша екі сағаттан, 100 балдық тест тапсырмасын орындап, 120 балдық эссе жазды.  Олимпиаданың нәтижесі бойынша Альбинамыз республикалық турға жолдама алды.

Талапты оқушыны сындарлы сынға дайындаған пән мұғалімдері Ұлданай Наурызақова, Аяжан Сыдихова, Шолпан Меңдіғалиева, Назерке Нетқалиева мен Гүлсая Бисенғалиевалардың еңбегін айта кету керек. Аудан атын үздік білім көрсеткішімен алға шығарған Альбинамызға ақ жол тілейміз. Бағындырар биік-белесің мол болсын!

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале