18.11.2021, 11:00
Оқылды: 102

Әлем чемпионымен өткен сабақтар

Мемлекетіміздің басты бағытының бірі – дені сау, шыныққан ұрпақ тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортты насихаттау. Бұл бағыттағы жұмыстар Шыңғырлау ауданында жақсы жолға қойылған.  Мұның тағы бір дәлелі – «Nur Otan» партиясының «Бастауыш партия негізі» айлығы аясында өткізілген «Чемпионмен жаттығу» атты шынықтыру сабағы. Ашық алаңдарда өткен сабақтарға самбо күресінен әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы, республикалық сайыстардың төрт дүркін чемпионы Қайсар Құсайынов қатысты.

IMG_1997

Оқушылармен бірге Қайсар Сайынұлы мектеп ауласында таңертеңгілік жаттығулар жасап, спорттың адам өміріндегі алар маңызын дәріптеді. Мұндай сабақтар Шыңғырлау және Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінде және Шыңғырлау колледжінде ұйымдастырылды. Бұл игі бастама балабақшаларда да қолдау тауып, әр топтың бүлдіршіндері шынықтыру-сергіту жаттығуларын жасады.

IMG_2057

Жақсы үрдіс оқу орындарында дендеп енгізілетін болса, жастарымыздың спортты әрдайым серік етіп, өздерінің денсаулықтарына жүрдім-бардым қарамауына септігін тигізері анық.

                                                                                              Н.Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале