Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?
3 Маусым 2023

Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?

Балаларға мереке сыйлады
3 Маусым 2023

Балаларға мереке сыйлады

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті
3 Маусым 2023

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті

Желбіре, көк байрағым!
2 Маусым 2023

Желбіре, көк байрағым!

Талдықұдықтықтар челлендж бастады
2 Маусым 2023

Талдықұдықтықтар челлендж бастады

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі
2 Маусым 2023

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі

«Alem СUP» турнирі басталды

Жәнібек спорт клубында аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Alem CUP» футзалдан мекемелер арасында аудандық турнир басталды. Ту76рнирге «Мемлекеттік қызметшілер», «М.Ықсанов колледжі», «Құтқарушылар», «Полиция», «№1 мектеп-лицейі», «Т.Жароков мектебі», «Аудандық сот», «Мәдениет», «Шекара», «Бірлік» және Жәнібек спорт клубының командалары қатысып, сынға түседі.

IMG_6044

Топтық кезеңде 11 команда төрт командадан тұратын үш топқа (A, Б, C) бөлінеді.

Турнирдің ашылу салтанатында  аудан әкімі Азамат Сафималиев сөз сөйледі.

IMG_6063

-Бүгінгі таңда жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау өте игілікті іс. Өйткені «Тәні саудың жаны сау» демекші, өскелең ұрпақтың спортты серік етуі өздеріне де, қоғамға да пайдалы. Осындай игі шараға демеушілік көрсетіп жүрген «Әлем» шаруа қожалығына алғысымды білдіремін, - деді ол.

Шара «Мемлекеттік қызметшілер» мен «№1 мектеп-лицейі» командаларының ойындарымен басталды. Турнир бір айға жуық уақыт аралығында өтеді.

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале