Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?
3 Маусым 2023

Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?

Балаларға мереке сыйлады
3 Маусым 2023

Балаларға мереке сыйлады

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті
3 Маусым 2023

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті

Желбіре, көк байрағым!
2 Маусым 2023

Желбіре, көк байрағым!

Талдықұдықтықтар челлендж бастады
2 Маусым 2023

Талдықұдықтықтар челлендж бастады

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі
2 Маусым 2023

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі

«Әлемді естігім келеді»

Бүгін осындай атаумен аудандық мәдениет үйінде жастар ресурстық орталығы, аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ауданымыздың тумасы, кішкентай Мансұр Талғатов есімді бүлдіршіннің еміне көмек көрсету үшін қайырымдылық концерті өтті. LED экран арқылы көрерменге алғыс білдіріп, қол ұшын созуын өтінген Мансұрдың анасының бейнеролигімен басталған шара бір топ жастардың «Жетім» қойылымына ұласты.

WhatsApp Image 2023-03-01 at 17.45.27

Әділ Қасиет пен Фатима Жандосқызының орындауындағы «Ата-ана үшін ғұмыр бер, Алла!» әні көптің жанарына жас үйірді. Содан соң жастар өзбек биін билеп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. «Жақсы адамдар» әнін орындаған Наз Сақтаған, Аңсаған Маулаш, Фатима Жандосқызы да елдің қошеметіне бөленді. Жас ақын Ақтілек Әлібекұлы «Мейірім керек» атты өз туындысын тарту етсе, Аяжан Жақсығұлова жетекшілік ететін «Көзайым» би ансамблі «Сыр сұлуы» биін мың бұралып биледі. Республикалық, облыстық ән байқауларының жүлдегері Дияс Бейсов "Изгиб гитара желтой" әнін жанды дауыста һәм гитараның сүймелдеуімен орындап, таңдай қақтырды.

WhatsApp Image 2023-03-01 at 17.45.24 (1)

Айнара Нұртаева «Қазақтай ел қайда» әнін әуелете шырқаса, «Көзайым» би ансамблінің кіп-кішкентай бишілері "Қуыршақтар" биін билеп, ел назарын аударды. Райымбек Кәрімовтің «Кейде бір ағалар болады» әнінен кейін, сахна көркін жастар «Жастар» биімен қыздырды. «Бір үйдің баласындай» әнін орындаған Қабілет Асанов сахна шымылдығын жапты. Кеш соңында сөз алған бүгінгі концерттік бағдарламаны ұйымдастырушы, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Мөлдір Сайфоллақызы бәріне алғысын білдіріп, бұл игі іске әлі де жұмылып атсалысуға шақырды.

- Бүгінгі қайырымдылыққа аз да болса үлес қосуға келген жандарға алғысым шексіз. Аудан тұрғындары атынан жиналған қаражат дәл қазір 164 000 теңгені құрап отыр. Ол ақша Мансұрдың анасы Мейрамгүлге табысталады. Көзделген мақсатқа жетіп, бүлдіршіннің толықтай ем алуына 1.436000 теңге қажет, - деді, аталмыш орталық басшысы пікірлесу кезінде.

WhatsApp Image 2023-03-01 at 17.45.24
Айта кетейік, қайырымдылық концертінің кейіпкері Мансұр Салаватұлыға құлақ жолының атрезиясы, сол жақ құлақтың жүрекше микротиялары зақымданған деген диагноз қойылған. Толық қаражат жиналған кезде Дубай қаласында ота жасалады. Бүлдіршін әлемді естісін!

Ақтілек Әлібекұлы,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале