26.03.2021, 12:10
Оқылды: 73

Әлеуметтік бағыттағы оң істер

«Қарттар үйі» атанып кеткен «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Тасқала арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде былтыр еліміздің өзге өңірлеріндегі осы тәрізді мекемелерде қызмет алушыларға қызмет көрсету барысында келеңсіз жағдайлар орын алғандықтан, Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынымдары негізінде және Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының бұйрығына сәйкес, мекеме жанынан мекемедегі қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына, оның ішінде қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражаттың жұмсалуына бақылау орнату мақсатында қоғамдық бақылау кеңесі құрылған болатын. Осы кеңестің ережесіне сәйкес әр тоқсан сайын кеңес мүшелері отырыс өткізіп, мекеме директорының атқарылған жұмыстары жөнінде есебін тыңдауды дағдыға айналдырды.

36FAB8F5-B200-4456-B85F-B2E6B8694984

Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні аталған кеңес төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Ж.Балыков, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Ж.Бисенғалиева, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Г.Бирниязова және онлайн режімінде қатысқан әйелдер кеңесінің төрайымы В.Завгарина, сонымен қатар аудандық «Екпін» газетінің редакторы Т.Тоқмамбетов, қызмет алушылардың туыстары кеңестің кезекті отырысын оздырды. 2020 жылғы атқарылған жұмыстар жөнінде мекеме директоры Г.Тұрғаналиев баяндама жасап, қорытынды есебін таныстырды. Сонымен қатар кеңес мүшелеріне қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражатқа алынған киім-кешек, дәрі-дәрмек, санитарлық-гигиеналық құрал-жабдықтарын көрсетіп, жалпы осы бағыттағы атқарылған жұмыстармен таныстырды. Кеңес мүшелері мекеменің қызмет алушыларымен кездесіп, мекеме ұжымының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бағытындағы оң істеріне көздерін жеткізді. Болашақта да қоғамдық бақылау кеңесінің жұмысы жалғастырылатын болады.

Әсет Баян,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале