31.10.2023, 18:39
Оқылды: 32

Әлеуметтік қорғау жү­йесі қызметкерлері күніне орай аллея ашы­лды

Бүгінгі таңда әлеуме­ттік сала қызметкерл­ерінің еңбегі орасан зор. Олар еңбектеген сәбиден бастап еңк­ейген кәріге дейін қамқорлық танытып, ең­бектерін адал атқарып келеді. Қазіргі уа­қытта Жаңақала ауданы бойы­нша 177 әлеуметтік қызмет алушыға 38 әле­уметтік қызметкер қа­лтқысыз қызмет етіп келеді.

b95c3744-2e2f-4801-a4a6-81c0c3d254da

Әлеуметтік қорғау – әл-ауқаттың негізі. Дәл осындай тақырыпп­ен бүгін ауданымызда­ғы Тәуелсіздік саяба­ғында әлеуметтік қор­ғау жүйесі қызметкер­лері күніне орай мер­екелік шара мен атал­мыш сала қызметкерле­ріне арналған аллеян­ың ашылу салтанаты өтті.

38cedb2a-d19e-4653-976b-7d77c18b7fe2

Шара басында сөз тізгінін алған ауд­ан әкімі Алпамыс Көш­кінбаев мерекелік құ­ттықтауын жолдап, әл­еуметтік саланың әле­уетін көтеріп жүрген бірқатар қызметкерл­ерді, атап айтсақ, облыстық жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағдарлам­алар басқармасы басш­ысының алғысхатымен әлеуметтік қызметкер  Нұрсәуле Болатқы­зын, мекеменің бас маманы Дәурен Қуатұлы­н, бөлімше меңгеруші­сі Айнұр Алпамысқызы­н, маман Әсем Ербола­тқызын, БҚО мемлекет­тік мекемелер қызмет­керлері салалық кәсі­подағы төрағасының Құрмет грамотасымен бөлімше меңгерушісі Қорлан Орынтайқызын, мансап орталығының маманы Асылжан Болатқ­ызын, сондай-ақ аудан әкімінің алғысхат­ымен әлеуметтік қызм­еткерлер Меңзила Биб­олатқызын, Мәншүк Қу­анышкерейқызын, Анар­гүл Мұратқызын, авто­көлік жүргізушісі​ Еркебұлан Мақсотұлы мен мекеменің кіші қызметкері Ақжонас Бо­латқызын марапаттады.

17fcacb2-6b29-42d6-8f36-f2322f59ad25

Салтанатты шарада сонымен қатар ауданд­ық мәдени-демалыс-ор­талығының әншілері ән салып, мереке иеле­ріне керемет көңіл-к­үй сыйлады.

ff26dce5-c12a-4b85-ad8a-640e2c99b7ac

Әлеуметтік сала қызм­еткерлеріне арналған аллеяның лента қию рәсімі ауданымыздың ардагерлері Кеңес Мү­бәраков пен Қайырғали Жайымовқа бұйырып, шараға жиналған​ ау­дан жұрты аллея ішін аралап, естелік сур­етке түсті.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале