2.11.2022, 11:30
Оқылды: 64

Әлеуметтік қызметкерлердің қоғамдағы орны айрықша

Бүгін Қаратөбе аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ауданның әлеуметтік саласының қызметкерлерін қабылдады.

Әлеуметтік сала мерекесі 9

Қадыржан Орынбасарұлы сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, елеулі еңбегімен көрінген бір топ қызметкерлерді марапаттады.

Салада ұзақ жылдардан қызмет етіп келе жатқан Баян Жамбылқызы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің алғысхатымен, Жанаргүл Халықбергенқызы облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың алғысхатымен, Арман Рабайқызы, Айдана Аманжолқызы, Ерлан Әбілұлы, Жасқайрат Жеңісұлы аудан әкімінің алғысхатымен, облыстық салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен Гүлжайна Бақытжанқызы марапатталды.

Әлеуметтік сала мерекесі 1

Салтанатты шарада сөз алған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали мерекеге орай сала қызметкерлерін жылы қабылдап, құрмет көрсеткен аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлына ризашылығын білдіріп, Круглоозерный  кентіндегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін орталық директорының аудан әкіміне жолдаған алғысхатын табыс етті.

Әлеуметтік сала мерекесі 8

Қабылдауда облыстық ерікті мүгедектер қоғамының аудандық филиалының төрағасы Еркінбек Жәнібеков қайырымдылық айында  атқарылған жұмыстарды баяндап, соңғы кезде әлеуметтік сала қызметкерлері арасында спорттық ойындарға көп көңіл бөлініп жүргенін тілге тиек етті.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале