14.05.2023, 15:32
Оқылды: 23

Әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар жұмысы таныстырылды

С.Меңдешев ауылдық округінен кейін БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, облыстық депутат Ербол Салықов және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Исатай Мынбаев аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен мекеме басшыларымен бірге аудан орталығындағы әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралады.

IMG_1774

Алдымен аудандық "Jastar" спорт клубына және стадионға табан тіреп, алаң қоршалғанымен тұрғындарға арналып жағдай жасалмағаны айтылды.  Одан әрі "Dos dental"  стомотологиясында ауданымыздың жастарымен кездесіп, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде және 2,5 пайыздық несие, "Ауыл аманаты" жобасы, "Дипломмен ауылға", қайтарымсыз грант сынды мәселелер талқыланып, көкейде жүрген өзекті сауалдарын жолдады.

IMG_1761

Одан әрі аталған стомотологияға бас сұғып, жеке кәсіп иесі Дамир Бақтыгереев жұмыс барысымен таныстырып, орын алып жатқан кедергілеп туралы да айтып өтті. Нәтижесінде Б.Хаберұлы  туындаған мәселені шешуге тырысатынын жеткізді. Кейін аудандық Д.Нұрпейісова атындағы өнер тарих музейінің экскурсаводы Сымбат Рысқалиеваның таныстыруымен өлкеміздің тарихынан сыр шертілді. Сондай-ақ А.Жаңабайұлы музей ғимараты тар екенін және тозығы жеткенін тілге тиек етті.

IMG_1754

Одан әрі мемлекеттік бағдарламамен қайтарымсыз грант алған жеке кәсіпкер Жаңылсын есімді қолөнер шеберінің шеберханасына кіріп, түрлі бұйымдармен, қыз жасауына қажетті қоржын түрлерімен таныстырылды. Содан соң биыл бой көтерген "Бал бөбек" балалар ойын алаңының жұмысымен танысып, бүлдіршіндер үшін пайдалы нысан ашқан кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.

IMG_1781

IMG_1789

IMG_1796

IMG_1751

Нұргүл Елтайқызы, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале