16.09.2022, 11:45
Оқылды: 93

Алғабастықтар “Президент” сайлады

Жуырда алғабастық Нұрболат Жұмағазиев әлеуметтік желі беттерінде “Президент сайлауы” үміткерлерінің сайлауалды бағдарламаларын шығара бастады.

5

Бірер күн бұрын Сырым ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің сайлауы өтсе, артынша М.Қаналиев атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінде мектепішілік бірыңғай “Жас ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұланбасын сайлауы өтті.

Ұланбасына үміткерлікке Гүлсана Хисмет, Айдын Тыныштыбай, Алина Төлеуішова секілді мектептің бетке ұстар оқушылары түсті.

6

Бір ерекшелігі, аталмыш оқушылардың сайлауы әкім сайлауынан кем түспеді. Оқушыларға арнайы бюллетень беріліп, кабинаға кіріп, өз таңдауларын жасады.

7

Көпшіліктің басым дауысымен Алина Төлеуішова жеңіске жетіп, “Жас ұлан” ұйымының мектепішілік ұланбасы атанып, арнайы куәлік табысталды.

8

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале