7.05.2026, 17:30
Оқылды: 3

Алғабастың баласы Ақордада!

Бүгін ҚР Отан қорғаушылар күніне орай Ақордада салтанатты жиын өтті. ҚР Президенті – Қарулы Күштердің бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел қауіпсіздігі қызметінің үздіктерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

PHOTO-2026-05-07-15-00-31

Бас қолбасшының қолынан марапат алғандардың бірі – Сырым ауданы, Алғабас ауылының тумасы Асан Қабиев.

Қазақстан Республикасы ІІМ БҚО бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері Орал қаласының көшелерінде кезекшілікте жүріп, «Динома» базасының маңындағы көпірден қыз баланың суға секіргенін байқап қалады. Дереу полиция старшинасы Асан Қабиев бірге секіріп, аруды құтқарып алады.
Бұл кез 2025 жылдың аяқ шені, күздің соңы болатын. Қарындасындай қыз үшін қарашаның суығында суға түскен батырдың өңіріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Ерлігі үшін» медалін тақты.

Асан 1992 жылы Алғабас ауылында дүниеге келген. М. Қаналиев атындағы мектептің түлегі. Әкесі Нұрболат - педогог, белгілі қолөнер шебері.

Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале