25.07.2021, 12:41
Оқылды: 86

Алғаш рет таңдауын жасады

Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек Казталов ауданынан бүгінгі сайлауға 6000-ға жуық тұрғын қатысып таңдауын жасайды деп күтілуде. Ал Көктерек ауылдық округі бойынша 917 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.

казт кок2

Көктерек ауылдық округінде 4 сайлау учаскесінде сайлаушылар өз таңдауын жасауда. Сайлауда таңдау құқығына ие жастардың да саны артып отыр. Олардың қатарында алғаш рет дауыс беріп отырған жас сайлаушы – Инабат Жасталапова. Ол Құнманғазы атындағы Саз колледжінің 4 курс студенті.

-Бүгін ҚР азаматшасы ретінде алғаш рет таңдауымды жасадым. Бұл менің өмірімдегі маңызды шешімдердің бірі деп білемін. Себебі ауылымның болашағы үшін маңызды шешім қабылдау әр ауыл тұрғынының міндеті. Біздің таңдауымыз ауыл болашағына тікелей байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерін сайлауын өткізу туралы шешімі саяси бетбұрыс. Алғашқы сайлауда, алғаш рет дауыс бергеніме қуаныштымын, - дейді жас сайлаушы Инабат Жасталапова.

Көктерек ауылдық округі бойынша Бақытжан Есенғалиев, Нұркен Иманғалиев өзін-өзі ұсынып сайлауға түсуде.

Асылбек Нәсіпқали

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале