18.03.2023, 0:00
Оқылды: 25

Алғашқы қада қағылды

Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылында мәдениет үйі салынбақшы. Батыр Бисен атындағы ауылдың маңдайына біткен мәдениет үйінің әбден тозығы жетіп, жөндеп, лекерлеуге келмейтіні бір емес, бірнеше есептік кездесуде айтылып жүрген еді. Ауыл тұрғындары көтерген мәселе бұйырса биыл шешімін таппақ.

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.12 (1)

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.11 (2)

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.13

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.12

Үш жүз орындық мәдениет үйінің қаржылық-жобалық құжаттамасы бекітіліп, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы тиісті қаражат қарастырылып, конкурс сияқты ресімдері өтіп, жауапты мердігері де анықталды. Мәдениет үйін "Қалдығайты" ЖШС-і жүзеге асырмақшы. Аудан жұртшылығына бұл серіктестіктің қолтаңбасы әбден таныс. Естеріңізде болса, аудан орталығындағы тұрғын үйдің іргетасын қалаған осы серіктестік еді. Бисен ауылына арнайы жұмыс сапарымен барған Біржан Меңешов пен аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қобылан Жанғалиев құрылысқа жауапты мердігерлермен кездесіп, жұмыстарымен танысты.
Кездесу барысында Біржан Меңешов мердігердің өкілдеріне құрылыс жұмысының жоспарға сай уақытылы және сапалы жүргізілу қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар құрылыс жұмыстарына ауыл азаматтарын тартуды талап етті.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале