1.09.2022, 15:45
Оқылды: 72

Алғашқы қоңырау соғылды

Бүгін Жаңақала орта білім беретін мектебінде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты жиын өтті. 

20220901_091037

Жиынға ата-аналар, ұстаздар және оқушылар қатысты. Мектеп табалдырығын енді аттаған 1-сынып оқушылары алғашқы ұстаздарымен танысып, сапқа тұрғызылды.

20220901_092746

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, әнұран шырқалды. Салтанатты шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Бегайым Есенгалиева құттықтады. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ақнұрлы Еслямғалиева:

- Сіздерді келіп жеткен «Білім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Ауданның білім беру саласында 14 жалпы орта мектеп, 6 бастауыш мектеп, 3 қосымша білім беру ұйымдары, 8 мемлекеттік, 2 жеке балабақша жұмыс істейді. Биылғы жыл ерекшелігі мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлының 2022 жылды «Балалар жылы» деп белгілеуі. Баланың дамуы және оның мүдделері біздің басты құндылығымыз. Сондықтан да үкімет олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына ерекше көңіл бөліп, назар аударып отыр. Ал бұл міндеттерді  атқаруда педагог қауымның рөлі мен алар орны ерекше. Жаңа 2022-2023 оқу жылы жетістіктер мен жағымды жаңалықтардың жылы болсын, - деп жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

20220901_092258

«Dara bala» акциясы аясында дарынды балаларға қолдау  білдіру мақсатында мектеп алаңында орнатылған тақтаны ашу құрметі аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ақнұрлы Нұрғалиқызына және Есенғали Аюпұлына табыс етілді.

20220901_092421

Шара барысында «Мектебім», «Менің алтын ұя мектебім» әндері оқушылардың орындауында шырқалса, 1-сынып оқушылары өлең жолдарын оқыды. 11-сынып оқушылары 1-сынып оқушыларына әліппе табыстап, алғашқы қоңырау соғылды.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале