30.03.2023, 23:30
Оқылды: 33

Алғашқы сессия

Переметный ауылында Бәйтерек аудандық мәслихаты VIII шақырылымының алғашқы сессиясы өтті. Оған аудан басшылары, мемлекеттік, құқық қорғау құрылымдарының жетекішілері, ауылдық округтардың әкімдері, қоғамдық ұйым, жұртшылық өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2023-03-30 at 20.15.45 (1)

Сессияны ашқан аудан әкімі Марат Тоқжанов депутаттық құрам 70 пайызға жаңарғанын айтып, халық қалаулылары ел сенімінен шығып, көпірме сөзге емес, іске мән беру қажеттілігіне тоқталды.

Өз кезегінде сөз алған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов сайлау нәтижесі бойынша аудандық мәслихатқа сайланған депутаттарды жиналғандарға таныстырды.

WhatsApp Image 2023-03-30 at 20.15.45

-Бүгінгі бірініші сессияға депутаттардың бәрі қатысып отыр. Яғни сессияны ашуға кворум жеткілікті. ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару туралы» заңының 11-бабына сәйкес аудандық мәслихатттың сессиясын ашық деп жариялаймын, - деді Радик Мақсотұлы.

WhatsApp Image 2023-03-30 at 20.15.44

Сессия күн тәртібіндегі мәселеге орай халық қалаулыларының ұсынысымен аудандық мәслихаттың төрағасы болып №6 сайлау округінен депутат болған Нұрлыбек Хайруллин бірауыздан сайланды. Өз кезегінде сөз алған Нұрлыбек Қажымұратұлы әріптестерін сайлаудағы жеңістерімен құттықтап, өзіне сенім артқаны үшін алғысын айтып, алдағы уақытта бірлесе еңбек ететініне тілектестігін білдірді. Содан кейін ол сессия күн тәртібінде тұрған екі мәселені депутаттар назарына ұсынды. Олар: аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және ол комиссияларға мүшелер мен төрағаларын сайлау. Соның нәтижесінде үш тұрақты комиссия құрылды. Бюджет, экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағалығына Бекболат Шканов, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағалығына Қуаныш Мырзағалиев, ауылдық дамыту және аграрлы саясат, экология, табиғатты пайдалану және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Асқар Асанов сайланды.

WhatsApp Image 2023-03-30 at 20.15.46

Сессия барысында шаруашылық, қоғамдық ұйым өкілдері жаңадан сайланған депуттарға табыс тілеген соң осының алдындағы, яғни жетінші шақырылым депутаттарына аудан әкімі мен мәслихат хатшысының алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.

 

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале