1.03.2023, 17:15
Оқылды: 33

Алғыс айту күні Жаңақала ауданында қалай аталып өтуде?

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Жаңақала аудандық аналар қоғамдық кеңесінің мүшелері аудан орталығындағы мекемелерге ат басын бұрып, айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

48C37669-082B-4D82-8B58-BD8C575C591F

Алдымен Жаңақала аудандық әкімдігінен бастап, аудан әкімі Дархан Закаринге, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиеваға кіріп, бауырсақтан дәм татқызып, алғысын айтып шықты. Одан соң аудандық ауруханаға бет бұрып, ондағы аурухана басшылығына, ардагерлеріне және қызметкерлеріне қазақ эстрадасының әншісі Қарақат Әбілдинаның «Алғыс» әнін, халық әні «Маржан қызды» шырқап, жылы лебіздерін білдірді.

AFE66D5E-90AD-4926-80D2-9C38AAC04D1D

Сол көңіл-күймен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына жол тартты. Кіре берістен ән шырқап келе жатқан топты көріп, орталық мамандары, қызмет алушы халық мәз-мейрам болып, ризашылықтарын білдірді. Одан соң ауылымыздың тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген аудандық полиция бөліміне барып, ондағы ұжымды да бір серпілтіп, тамаша көңіл-күй сыйлап, өлең айтып, дәм татқызып, естелік суретке түсті.

DB5EC6E0-0033-43D7-992F-6F77D1EA54A7

Сондай-ақ «Қуан» сауда орталығына, «Сәбен» шағын маркетіне де жол түсіп, Алғыс айту күнімен құттықтау бұйырды.

Соңынан Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымын айтулы күнмен құттықтап, әдемі күймен тарқасты.

69582800-0EE2-4CAC-9A82-F90FE6A152E8

Бұл іс-шараның мақсаты – аудандық аналар қоғамдық кеңесінің жұмысын насихаттау және алғыс айту күнінде халыққа қызмет көрсетуші мекеме мамандарын, басқа да сала адамдарын құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлау болатын.

Нұргүл Елтайқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале