24.06.2022, 12:18
Оқылды: 48

Алғыс хаттар табысталды

«AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімі Рүстем Зұлқашевтың төрағалығымен келелі жиын өтті.

20220623112602_IMG_3005

Жиында 5 маусым күні өткен ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізген және рефепендумның өтуіне үлесін қосқан азаматтарға алғыс хаттар берілді.

20220623112810_IMG_3011

Аудан әкімі Сәрсенбай Молдашев,  Алтын Ақбаева, Асыл Кенжеғалиева, Абылайхан Шакуов, Асылбек Байғазиевке ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының алғыс хатын табыстады.

Сондай-ақ Гүлдана Даулетова, Қайрат Жакупов, Қуаныш Ермеков, Гүлбарам Лұқпанова, Мержан Қарабалин, Ләззат Абуханова, Рауан Есенғалиев «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың алғыс хатымен, Мұқағали Шоқпанов, Ерболат Бекмулдин, Гүлзия Садықова, Айбибі Зарифова, Аслан Сәрсембиев  «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың алғыс хатымен марапатталды.

Жиында медицина қызметкерлерінің күніне орай Казталов аудандық ауруханасының директоры м.у.а. Зинұр Сәткеш және жалпы тәжірибелі дәрігер Ернар Камаловқа «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың мерекелік алғыс хаты, ал Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Ауыл айнасы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Қайрат Жакупов, тілші Асылбек Байғазиевке «AMANAT» партиясы БҚОФ-ның атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаевтың алғыс хаты табысталды.

Бекарыс Әбіш,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале