30.12.2021, 16:00
Оқылды: 72

Алғысхаттармен марапатталды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келген бірқатар қызметкерлерді қабылдады. Аудан басшысы жиынға қатысқан сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, алда ауданның одан әрі дамуына үлес қосатындарына сенім білдірді.

23

Өз кезегінде ол архив саласындағы елеулі еңбегі үшін Гүлшат Дәулетоваға ҚР мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың алғысхатын табыстады. Сондай-ақ, аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына мол үлес қосқаны үшін Ғибрат Айтқалиевке, халық санағының сапалы деңгейде орындалуын қамтамасыз еткен белсенділер Гүлмира Өтенқызы, Айгүл Ғалымжанқызы, Парох Жұмахметұлы, Балауса Ғұбайдоллақызы, Әсел Айтқалиқызына алғысхат берді.

24

«Біздің депутат» Республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы және "Книга kz. Казахстан" ЖШС-нің Бас директоры редакция алқасы Төрағасының алғысхатына халықтың игілігі жолында қосқан өлшеусіз үлесі бар бірқатар депутаттар марапатталды.

Мәдина Орынбасар,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале