24.01.2022, 15:46
Оқылды: 52

«AlimDent» стоматологиялық клиникасы ашылды

Жәнібек ауданында «AlimDent» стоматология тіс клиникасы ашылды.  Орталықтың ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Азамат Сафималиев аудан тұрғандарын жаңа заманауи клиниканың ашылуымен құттықтап,  кәсіп иесі Алтынбек Ғұбайдуллинге алғысын білдірді. 

IMG-20220124-WA0064

Енді су жаңа стомотологиялық орталық халықтың игілігінде. Жаңадан ашылған емдеу орталығы толығымен соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған. Адамдарды емдеуге барлық жағдай жасалған.

IMG-20220124-WA0066

Сонымен қатар, хирургиялық, терапиялық емдеу, ультрадыбыстық тазалау, қызыл иек емдеуі, тіс жұлу, рентген, ZOOM техникасы арқылы тіс ағарту бағыттары бойынша қызметтер көрсетіледі.

- Стомотологиялық орталық ашу көптен бері ойымда жүрген мақсаттарымның бірі. Осы орайда «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасынан грант иеленіп, мақсатымды жүзеге асыруға бел будым. Қазіргі таңда тек 2 адам жұмыспен қамтылып отыр.  Бұдан әрі де қатарымызды көбейту ойымызда бар,-дейді жас  кәсіпкер.

IMG-20220124-WA0065

-Заманауи клиниканың ашылғанына қуаныштымыз. Аудан тұрғындары рентгенге түсу үшін облыс орталығына баратын еді. Аудан қаладан алыс болғандықтан жол шығыны өз алдына, уақытын сарп етеді. Енді міне кез келген уақытта орталыққа барып қажет қызметке жүгінеді. Бағалары да қолжетімді,-дейді Жәнібек ауылының тұрғыны Эльмира Қадырболатқызы.

Мәдина Сағындық,

Жәнібек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале