20.03.2024, 14:45
Оқылды: 23

Әлішерге ауыл адамдары не үшін риза?

 

Біздің қоғамда әр мамандықтың алар орны ерекше, бәрінің де халықтың өміріне тигізіп жатқан пайдасы орасан зор. Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық.

Әлішер2

Солардың бірі ауылымыздың мейіргері - Әлішер Зорбаев. 2022 жылы Шыңғырлау ауданына келіп Ақбұлақ ауылына мейіргер болып ауыстырылды. Әлішер Шыңғырлау ауылының тумасы. Шилі мектебінде орта білім алып, 2018 жылы Орал медициналық колледжіне емдеу ісі мамандығына оқуға түсіп, фельдшер мамандығын алып шықты. 2021 жылы оқу орнын аяқтағасын соң «Orion Medicals» ЖШС жеке клиникасына рентген-лаборант болып қабылданып еңбек етті.

Бағалай білген жанға медицина қызметкері тұғыры таймас биік тұлға. Жалпы, медицина қызметкері болу адамға жарық сыйлау деген сөз іспетті. Әлішер уақытпен санаспай түн ұйқысын төрт бөліп, науқастардың айығып кетуі үшін барын салып келе жатқан жас маман.

 

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале