17.04.2020, 16:45
Оқылды: 82

Алмалының көктемі

Арайлап атқан таңнан айналаға еңбек дүбірі жаңғырып, бірлігі мен тірлігі қабысқан мекеннің бірі – Ақжайық ауданына қарасты Алмалы ауылдық округі.

E98C931E-E336-4C46-A71A-EFAD73784CB1

Алмалының жұрты ел болып көктемгі істері - бау-бақшаның тірлігіне білек сыбана кірісіп кеткен. Өткен жылы 519,8 га алқапқа картоп, көкөніс, бақша өнімдерін салған бағбандар биыл да сол межеден шықпақшы. Бұл округте 68 шаруа қожалығы болса, қазіргі таңда олардың 21-і 236 гектар жерді өңдеп, бақша басы, үй қасындағы жылыжайларындағы жұмысын бастады.

Еңбек еткен ағайынға зор қуаныш – биыл Тайпақ каналы мен Бағырлай өзеніне су молынан келіп жатыр. Судың мөлшері осы деңгейде сақталса, шаруалар аудан, облысымызды бау-бақша өнімдерімен қарық қыламыз дейді. Айта кеткен жөн, округ бойынша «Балауса», «Б-Абылай» және «Болашақ» шаруа қожалықтары танаптарында тамшылатып суару әдісін пайдалануда.

Шаруашылықтар ұжымдарында және тұрғындарда егіске қажетті тұқым қоры бар.  Қажет дән, өзге де жабдықтарды  жеткізу үшін бағбандардың көліктері аудандық жедел штабтың келісімімен жол қатынасына рұқсатын алды. Көктемгі далалық жұмыстарға  жеңілдетілген бағамен литрі 165 теңгеден дизель отыны бөлініп, оны алу жұмыстары ұйымдастырылуда. Өткен жылы шаруа қожалықтары  28 тонна минералдық тыңайтқыш алған болса, биылғы бұл  күнге 8 тонна осындай тыңайтқыш алды.

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале