30.12.2022, 23:29
Оқылды: 95

Алты отбасыға тегін газ өткізуге сертификат табысталды

Бүгін Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев тегін көгілдір отын кіргізілетін алты отбасына сертификат пен өз қаражаты есебінен “Сырым елі” қоғамдық-саяси газетіне 6 айға тегін жазылғандығын растайтын түбіртек табыс етті.
IMG-20221230-WA0345
Аралтөбе ауылындағы Мирамғали Төлеуғалиев, Бұлдырты ауылындағы Серік Бисембаев, Жымпиты ауылындағы ​ Қымбат Кенбаева, Шолақаңқаты ауылындағы Ерлан Иманғазиев, Елтай ауылындағы Аққаным Ташенова мен Жетікөл ауылының тұрғыны Ләззат Нұрғалиеваның үйіне Айнагүл Ойшыбаева жетекшілік ететін “Сырым” қоры демеушілік жасап отыр.
IMG-20221230-WA0344
Одан бөлек, бірқатар жеке кәсіпкер Марат Қазмағамбетов, Армат Төлегенов, Қазбек Ғұсманов, Әлжан Досмақов секілді азаматтар да жоғарыда аталған тұрғындардың үйіне тегін газ өткізу үшін қаржылай қолдау көрсеткенін айта кету керек.
IMG-20221230-WA0342
- “Көп түкірсе - көл”- демекші, елдің атқа мінер азаматтары мен “Сырым Датұлы” атындағы қорға қаражат салып, үйімізге тегін газ өткізілуіне себепкер болған жерлестерімізге ризамыз! Әр қазақтың үйінен жылу, жүректерінен мейірім кетпесін, - деп ағынан жарылды Қымбат Кенбаева.
IMG-20221230-WA0343
Айта кетейік, сертификат табыс етіп, тегін газ өткізіп беру ауданда 2017 жылы қолға алынды.
2017 жылы ​ үш үйге тегін газ кіргізілсе, 2018 жылдан бері ​ 7 отбасы, 2019 жылы төрт шаңыраққа, 2020 жылы 16, 2021 жылы 21 отбасыға тегін газ өткізіп беруге сертификат берілді.
- Жерлестеріне жақсылық жасап, “Сырым Датұлы” қорына қаражат аударған аудандағы барлық мекемелерге алғысымыз шексіз. Жаңа жыл қарсаңында тегін газ өткізуге себепкер болған жеке кәсіпкерлерге де алғыс білдіреміз, - дейді “Сырым Датұлы” қорының жетекшісі Айнагүл Ойшыбаева.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале