10.11.2023, 21:54
Оқылды: 46

«Алтын алқа» төсбелгісі табысталды

Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен жеті баланың анасы Күйгенкөл ауылының тұрғыны Гүлмира Семоваға “Алтын алқа” алқасы мен куәлігін табыстады.

0bf7f12e-5144-4d66-a17b-d103ed9027ae

Төсбелгіні табыстаған аудан басшысы Тимур Серікұлы:

- Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеп отырған сіз секілді алтын құрсақты аналарға ерекше ризашылығымды білдіремін. Президентіміздің марапатын табыс ету мен үшін де үлкен мәртебе деп білемін. Қазақ халқы әрқашан отбасы құндылығын биік қойған. Сізге және отбасыңызға амандық, молшылық тілеймін. Бүлдіршіндеріңіз болашақта еліміздің мақтанышы болып, ұлтымызға адал қызмет ететін азамат болып өссін, - деді өз сөзінде.

903f0994-d56b-438b-994c-cc94ab2142f6

Жиынға қатысқан аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова, Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі Саят Тарғынов, аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Дина Сапашева мен кеңес мүшесі Гүлзина Ғұсманова, “Жәнібек әйелдер” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалия Елемесова өз сөздерінде көпбалалы ананы құттықтап, еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық пен отбасы амандығын тіледі.

29114916-406a-4a92-b35f-8fee21df76cd

Қабылдау соңында жеті баланың анасы, “Алтын алқаның” иегері Гүлмира Оңғарәліқызы мемлекет басшысының атынан осындай марапатқа ие болғанына қуанышты екенін айтып, аудан әкіміне өз алғысын білдірді.

Айсұлу Нұрболатқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале