27.09.2023, 17:59
Оқылды: 13

«Алтын ғасыр» марафоны мәреге жетті

Қаратөбе ауданының құрылғанына 95 жыл және Күнбатыс Алашорда сиезінің өткеніне 105 жыл толуына орай «Алтын ғасыр» жартылай марафоны өтті. Сырым ауданының орталық алаңынан басталған жартылай марафон мотошабандоздардың шеруімен басталып, жүгірушілер марафонына жалғасты.

IMG_8722

Қаратөбедей киелі ән өлкесінен барып Алаш қозғалысындағы ұлтымыздың ұлы тұлғаларының табаны тиген, батырлар елі Сырым елінен басталған тарихи тағылымы мол мәдени шарада Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов алғы сөз сөйлеп, марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG_8709

Шара барысында Сырым ауданынан қасиетті Алаш туын киелі Қаратөбе еліне апару үшін Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлерінен VI республикалық фестивальде аударыспақтан ІІ орын иегері, облысымыздың аударыспақ жарысынан бірнеше мәрте жеңімпазы Абай Абдрахманұлы Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, қол күресінен бес дүркін әлем чемпионы Ержан Ерболатұлына туды табыстады.

IMG_8706
Мото шабандоздардың шеруімен басталған «Алтын ғасыр» жартылай марафонын жалғастырған жаяу жүгіруші 16 жеңіл атлет 21 шақырым қашықтықты артқа тастап Қаратөбе ауылының орталық алаңына табан тіреді.

IMG_8739
Қаратөбе ауылына кіреберістен мотошерушілерден қасиетті Алаш туын салт атты шабандоз жігіттер орталық алаңға әкелді.
Мерекелік шарада аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы құттықтау сөз сөйлеп, жаяу жүгіру марафонының жеңімпаздарын марапаттады.
Одан соң Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры Айнагүл Мағауияқызы, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жаңабайұлы және Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры Елдос Нәбиоллаұлы тарихи маңызға ие мәнді шараның тағылымына тоқталса, Қаратөбе ауданның перзенттері, ақын Жандос Әмірғалиев және Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актері, ақын Қуаныш Амандықов туған жерге арналған жүрекжарды тілегін өлеңмен өрді.
Шара Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейінде жалғасты.

Серікбай ХАСАНОВ,
Райымбек АБАЙ,

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

Мақаланың толық нұсқасын «Қаратөбе өңірі» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале