14.03.2024, 16:15
Оқылды: 13

Амал келді, жыл келді!

Бөкей ордасы аудандық мәдениет үйінде өткен бүгінгі мерекелік шара дәл осы тақырыпқа арналды.

бокей ордасы корису 2024 (1)

Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов сөз алып, аудан халқын құттықтады.

- Қадірлі ел ағалары, ақ жаулықты апалар сіздерді көктемнің тамаша мерекесі - Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көрісу — ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекітетін тамаша дәстүр. Амал мейрамы – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын таразы. Осындай игілікті сәтте отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әрбір шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін, - деді аудан басшысы.

бокей ордасы корису 2024 (2)

Мерекелік бағдарламада атадан балаға жалғасқан халық әндері шырқалып, «Ару аналар» әжелер ансамблі мүшелері көне ғұрыптан көрініс көрсетті.

бокей ордасы корису 2024 (3)

«Орда гүлдері» би ансамблінің мың бұралған бишілері көркем биімен шара шырайын айшықтай түсті.

бокей ордасы корису 2024 (4)

Шара соңында ауыл ақсақалы Тілеген Арыстанбеков жиналған қауымға ақ батасын берді.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале