7.12.2023, 17:45
Оқылды: 9

«AMANAT CUP – 2023» аудандық ашық турнирі өтті

Шыңғырлау ауданында Халықаралық еріктілер күніне орай «AMANAT» партиясының Шыңғырлау аудандық филиалының қолдауымен, «Жастар Рухы» жастар қанаты волейболдан «AMANAT CUP» аудандық ашық турнир өткізді.

_MG_2723

Ауқымды додаға барлығы 12 команда қатысып, қызықты ойын көрсетті. Таңда басталып, кешкі уақытқа дейін жалғасқан тартысты турнирдің нәтижесі бойынша «Шыңғырлау спорт клубы» командасы І, «Жастар ресурстық орталығы» командасы ІІ, «Алмаз ауылдық округі» командасы ІІІ орынды иеленді.

409044228_1772104156534678_238273120340289290_n

Жүлделі орындармен қатар, тамаша ойын көрсеткен ойыншыларға номинациялар табысталды. Ерболов Алтынбек «Үздік қорғаушы», Тұманбаев Қайырбек «Үздік байланыстырушы», Каракулов Нұрберген «Үздік шабуылшы», Тажимов Мирхан «Үздік ойыншы» аталымдарына ие болды.
408607209_1772104386534655_7304540433687459076_n

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале