29.12.2022, 16:00
Оқылды: 37

«AMANAT» кубогі сарапқа салынды

Жуырда Тасқала аудандық филиалы «AMANAT» партиясының жүлдесі үшін Бастауыш партия ұйымдары арасында волейболдан І аудандық жарыс өтті.

6

Мәслихат депутаттарының демеушілігімен өткізілген жарыстың мақсаты ауданымызда волейбол спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Оған бастауыш партия ұйымы мүшелерінен 11 команда қатысып, жарыстың көрігін қыздырды.

7

Аталмыш жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Люция Жұбанышқалиева, аудандық мәслихат депутаты Нариман Мусенов қатысушыларға тілектерін жолдап, сәттілік тіледі.

8

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде «Білім» бастауыш партия ұйымының «Сәтбаев» командасы үздік атанды. «Білім» бастауыш партия ұйымы командасы II орынды иеленсе, «Камен» бастауыш партия ұйымы командасы III орынға табан тіреді. Жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаздармен қатар, алаңның әр бөлігіндегі үздіктерде арнаулы сыйлықтарға ие болды. Жарыстың «үздік ойыншысы» болып Қайырбек Давлетов танылса, Райымбек Иржанов жарыстың «үздік шабуылшысы» атанды. «Үздік байланыстырушы» аталымымен Ерғали Мерлан, «Үздік қорғаушы» аталымы бойынша Еркебұлан Теміржанов таңдалды. Жеңімпаз және жүлдегер командалар дипломдар мен медальдарға ие болды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале