29.09.2022, 16:30
Оқылды: 75

«AMANAT» партиясы филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының кезектен тыс ХХХIII конференциясы өтті. Партияның аудандық филиалының конференциясына филиал төрағасы, аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев төрағалық етті.

Аманат конф (1)

–  «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХХIII конференциясын аудандық Бюро шешімімен өткізуді ұйғардық.

Осыған байланысты, аудандық филиалдың барлық 14 бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары 28 қыркүйек күні өткізілді. Сол жиналыстарда бүгінгі конференцияға 69 делегат сайланды. Бұның сыртында Саяси кеңес, Бюро мүшелері, депутаттар, партия белсенділері мен ардагерлер, БАҚ-өкілдері қатысуда. Онлайн форматта 35 делегат, офлайн форматта 34 делегат, конференцияға барлығы 69 делегат қатысуда, -деді филиал төрағасы Қадыржан Орынбасарұлы.

Аманат конф (2)

Конференция делегаттары бірауыздан дауыс беріп, «AMANAT» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының кезектен тыс ХХХIII конференциясы ашық деп жарияланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге сай сөз сөйлеген «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Абат Зейнуллин «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасымен таныстырды.

Осы мәселе бойынша партия филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшесі Асхат Тойшыбаевтың хабарламасы тыңдалды.

Конференцияда сөз сөйлеген «Әділов» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жора Жанғазиев ағымдағы жылдың қыркүйек айының 30-ы күні өтетін партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының ХXIX конференциясына сайланған филиал төрағасы Қадыржан Орынбасарұлы бастаған бір топ делегаттардың есімін атады.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале