29.03.2024, 23:00
Оқылды: 8

"AMANAT"- тың аманаты Сырымға жетті

Бүгін "AMANAT" партиясының облыстағы филиалының мүшелері Сырым ауданына келді.
Сырым гуманитарлық көмек
Ондағы мақсат – бірнеше күннен бері тосыннан келген топан судың құрбаны болған тұрғындарға облыстық, қалалық мәслихатының, "AMANAT" партиясының депутаттық фракция мүшелерінің қолдауымен жиналған қаржыға гуманитарлық көмек көрсету.
Партия мүшелері кеше Қаратөбе ауданының тұрғындарына, бүгін сырымдық бұқараға қол ұшын созды.
Сырым Гуманитарлық көмек
Гуманитарлық көмек негізінде ауданымызға дәрі-дәрмектен бастап, киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттар, азық-түлік секілді бірқатар дүниелер әкелінді.
Сырым гуманитарлық көмек
- Қазіргі таңда Бұлдырты ауылындағы 24 отбасыға керек-жарақ заттары жөнелтілді. Алдағы уақытта, аудан орталығы мен округтерге аталмыш қажеттіліктер сұранысқа сай беріліп отырады. Ауданымызға гуманитарлық көмек көрсетіп, қолдау білдірген облыстық, қалалық мәслихатқа, депутаттық фракцияға алғыс білдіреміз, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Сәкен Мұса.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале