5.04.2024, 15:30
Оқылды: 13

Аманжол мен Дастанның шәкірттері футзалға даңғыл жол салып келеді

Жәнібек ауданының жас аяқдопшылары қарқынға қарқын қосып келеді.

FB_IMG_1712309128942

Халықаралық, республикалық, облыстық додалардан жасындай жарқылдап келетін олар бұл жолы да дәстүрден жаңылмады. Нақтырақ айтсақ, таяуда Орал қаласында 2015 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында футзалдан «Наурыз CUP» атты қалааралық турнирі өтті.

Аталмыш турнирде сегіз команда бақ сынасты. «Жәнібек-Supernovas» командасы топтық кезеңнен алға шығып, жартылай финалда Круглоозерное командасын жеңді. Финалда атыраулық Шортанбай командасымен негізгі уақытта тең түскенімен пенальти сериясында үздік болып, чемпион атанды. Сондай-ақ Жалғас Серік «Үздік ойыншы» аталымына ие болды.

Бұл ағаларының жолымен келе жатқан кіші топтың алғашқы жарысы. Осылайша бапкерлері Аманжол Есенов пен Дастан Әбдірешовтың шәкірттері футзалға даңғыл жол салуда.

 

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале