27.07.2022, 19:51
Оқылды: 37

«Әмина» әйел-қыздар орталығы ашылды

Бүгін Жаңақала ауданы орталығында «Әмина» әйел-қыздар орталығының ашылу салтанаты өтті. Орталықтың мақсаты – аудандағы әйел адамдардың діни білімін, ауызбіршілігін арттырып, бос уақытын тиімді өткізуге қызмет атқару.

IMG_7755

Аталмыш іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, Орал қаласынан Әл-Әзһар Құран тәлімі орталығының түлегі, хафиз қырағаттар иегері, Исламтану ғылым магистрі, республикалық ақпараттар түсіндіру тобының мүшесі Бақытгүл ұстаз, Республикалық ақпараттар түсіндіру тобының мүшесі Ақниет және Аманат – Жайық қоғамдық қорларының теологы Назгүл Данаева және аудан жамағаты қатысты.

IMG_7766

Жиында алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиқызы нысанның ашылу салтанатымен құттықтап, қыздар жамағатына сәттілік тіледі. Одан соң Республикалық ақпараттар түсіндіру тобының мүшесі, Ақниет және Аманат – Жайық қоғамдық қорларының теологы Назгүл Данаева мен ауданымыздағы діни мәселелермен айналысу, аудан жамағатының діни білімдерін арттыру және дін мен салт-дәстүрді нығайту мақсатында ашылған «Руханият» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, бүгінгі орталықтың ашылуына мұрындық болып отырған жерлесіміз Дана Қуанқызы ізгі лебізін білдірді.

IMG_7775

- «Әмина» әйел-қыздар орталығының ашылуын бәріміз асыға күткен едік. Алла тағала нәсіп қылып, міне, сол дұғамыздың қабыл болуына куә болып жатырмыз. Біздің алғашқы жетістігіміз. Әлі де жапырағы жайқалып, жемісін бере берсін. Халықтың игілігіне еңбек ететін, тәрбиелілікке баулитын ошақтан болсын деп тілеймін. Орталықта көпшілікке пайдасы оразан зор болатын, еңбекке баулитын үйірмелер, діни білімді арттыратын семинар-дәрістер өткізіледі. Елдің болашағына үлес қосу мақсатында ашылған бұл ғимаратқа табан тіреп келген құрметті қонақтар, сіздерге алғысымыз шексіз, - деді Д.Қуанқызы.

IMG_7777

Одан әрі аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі Айзада Сейтова «Дұға» әнін тамылжыта орындап, Республикалық ақпараттар түсіндіру тобының мүшесі, Ақниет және Аманат – Жайық қоғамдық қорларының теологы Н.Медерқызы мен Д.Қуанқызы «Әмина» әйел-қыздар орталығының лентасын салтанатты түрде қию рәсімін жасады. «Айзере» әжелер ансамблі мүшелері шашу шашып, жиналған қауым ішке кірді. Сонымен қатар орталықта тағам пісіру, тігін тігу сынды арнайы шеберлік сағаттары өткізілді.

Жаннұр Берікқызы, 

Жаңақала ауданы, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале