11.11.2022, 20:15
Оқылды: 50

Ән байқауы өтті

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында ақын, мәдениет саласының үздігі, ауданның құрметті азаматы Закария Сисенғалидің шығармашылығына арналған «Туған жер, құдіретіңнен айналайын» атты облыс-аймақтық ән байқауы өтті.

IMG-20221111-WA0147

Ауданда алғаш рет өткізілген байқауға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО филиалы төрағасы, ақын Бауыржан Халиолла, Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының көркемдік жетекшісі, әнші Еркін Өтегенов, сазгер, мәдениет саласының үздігі Ерлан Сатыбаев, Қ.Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің жоғары санатты ұстазы Амангүл Сисенова төрелік етті.

IMG-20221111-WA0146

Мәдениет үйінің дәлізінде аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі Закария Жүсіпқалиұлының шығармашылығына арналған «Ізгілік жолын ұстанған қаламгер» атты кітап көрмесін жасақтады.
Байқауда ақын Закария Жүсіпқалиұлының өмірбаяны мен шығармашылығы, жетістіктері туралы бейнебаяны көрсетіліп, мың бұралған «Нұрбибі» би ансамблі де өнер көрсетті.

IMG-20221111-WA0150

Аудан әкімі Дархан Закарин ақынға алғысхат табыстап, сәйгүлік мінгізді. Ақын сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тілеп, ауылдастарына ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар бірқатар жас ақынның «Жырлайды жүрек» атты кітабынан өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.
Облыс-аймақтық ән байқауына қатысушы үміткерлер ақынның сөзіне жазылған әсем әндерді шырқап көрермен қошеметіне бөленді.

IMG-20221111-WA0148
Байқау нәтижесінде Рустам Хафизов, Жанболат Мұсағалиев, Абай Мақсотов дипломант атанды. Ал Сәтжан Баязиев, Табылды Сағидоллаев, Камила Жексенғалиева ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Миргүл Асанова мен Алтынбек Базаровқа ІІ дәрежелі диплом табысталды. І дәрежелі дипломмен Мұратбек Жұмашев және Сиғатолла Ешкаев марапатталды. Әділ қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Орал қаласынан келген Дана Жағыпароваға бұйырды.

Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале