13.02.2024, 15:30
Оқылды: 18

Ән сайысы өтті

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күні. Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас жігіттер соғыстың мән-жайын ұқпастан, бейбітшілік орнату сенімімен Ауған жеріне аттанды. Ауғанстан жерінде 10 жыл бойы еліміздің батыр ұлдары ерлік пен батылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Осы орайда жуырда Тасқала ауданының Достық ауылдық округінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Алыс Ауған әуендері» атты аудандық әскери-патриоттық ән байқауы өтті.

Ән сайысы фото 1

Аталмыш сайыста алдымен Ауған соғысына арналған әндер айтылса, екінші кезеңде патриоттық әндер орындалды. Ауған соғысында батырлықтың үлгісін көрсеткен әрбір жауынгердің патриоттық рухы жоғары және олар өз Отанына шексіз берілген азаматтар. Жауынгерлік анты мен әскери парызына өмірінің соңына дейін адал болып, интернационалдық борышын орындаған біздің жауынгерлеріміздің ерлігіне әрдайым құрмет көрсетіп, бас иеміз.

Ән сайысы 2

Аталмыш шараға Мереке ауылдық округінен Аязби Аубекеров, Атамекен ауылдық округінен Жайсаң Қалмурзин, Шежін ауылдық округінен Қажымұқан Дощанов, Бірлік ауылынан Айтқаным Шунаева, Ақтау ауылдық округінен Гүлнар Кузбакова, Амангелді ауыдық округінен Сатыбалды Алдабергенов, Достық ауылдық округінен Ербол Шанимов, Ержан Ниетқалиев, Мерей ауылдық округінен Тұрарбек Аймырза, Ынтымақ ауылынан Арнагүл Ажғалиева қатысты.

Аталмыш кештен көрермен ерекше әсер алды. Музыка қойылымдары позитивті атмосфераны құруға, рухты көтеруге және ардагерлерді шабыттандыруға септігі тигені сөзсіз. Сайыстың қортындысы бойынша I орынды атамекендік Жайсаң Қалмурзин иеленсе, екінші орынды достықтық Ербол Шанимов пен Ержан Ниетқалиев иеленді. Ал үшінші орынды шежіндік Қажымұқан Дощанов жеңіп алды. Сайысқа қатысқан қатысушыларға алғысхаттар табыс етілді.

Гүлмира Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале