23.10.2021, 23:40
Оқылды: 79

Аналар клубы ардагерлерге құрмет көрсетті

1-30 қазан аралығы «Мейірбандық айы» екендігі белгілі. Айлық аясында түрлі бағытта қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда. 23 қазан күні аталған айлық аясында және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында мәдениет қызметкері, «Мейірбан жүрек» аналар клубының төрайымы Нұрия Хабибуллина «Қарттарым – асыл қазынам» атты шарада ардагерлердің басын қосты.

35

Келелі шара барысында Нұрия Самиғоллақызы білім саласының ардагерлеріне естелік сыйлықтар табыс етіп, ардагерлерге ризашылығын, жылы лебізін білдірді.

36

39

Шара барысында ауданымыздың тәуелсіздік жылдарындағы белестері, бірқатар тұлғалардың жарқын келбеті хақында әңгіме өрбіп, жерлес сазгерлердің әні шырқалды. Сондай-ақ ардагерлер хор ұжымының жұмысы да баяндалып, өткені мен болашаққа жоспарлары талқыланды. Хор құрамында болған және ауданымыздың қоғамдық өмірінде ерекше орын алған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың шығармашылығы мен өмірі хақында естеліктер айтылды.

37

Казталов ауданында ардагерлердің қоғамдық өмірдегі белсенділігі артып тұр. Қайсыбір игі шараның басы-қасында жүріп, сан түрлі қиыншылықты қоғаммен бірге еңсеріп, ақ алғысын жаудырып-ақ жүреді. Олардың ел қамы үшін ой толғауы, бейнеті ұрпаққа өнеге, көпке үлгі.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале