20.03.2023, 17:15
Оқылды: 10

Аналар мейіріміне бөленген форум

Бүгін Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің бастамасымен Т.Жароков атындағы  мектеgnt «Адамзаттың асылы – Ана деген құдірет» атауымен аналардың басын қосқан ауқымды форум өтті.

fefcccc0-6cc2-44b4-a0ed-81319613cd7e

Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс ұйымдастырылған форумға БҚО әйелдер ісі жөніндегі комиссияның мүшесі және аудандық аналар кеңесінің мүшесі Гүлнар Хайырлиева, облыстық аналар форумына қатысушы Т.Жароков атындағы орта мектептің аналар кеңесінің мүшелері Айнұр Нұрболатқызы, Индира Серікбайқызы, Ғ.Абдуллин атындағы орта мектебінен Кәмшат Каримоллақызы қатысты.

f703a235-271a-46d4-bcc4-b7a3afefe06b

Келген қонақтарды қазақы дәммен қабылдаған ерекше шара «Гүлдер» биімен жалғасын тауып, көктемнің жайма шуақ күндері келгенін аңғартты.

Шараны аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Жанар Жүмалиева ашып жүргізсе, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Аққу Нұрғалиева алғы сөз сөйлеп, аталмыш кездесудің маңызын түсіндірді. Келген қонақтар қарапайым ата-ананың бала тәрбиесіндегі жіберетін қателіктері туралы бейнероликтен кейін пікірлерін сахна төрінде толықтырды.

0f9673cf-b0c0-4eab-ba8f-189026e6730e

Осы орайда қатысушы зейнет жасындағы аналардан бастап, жас аналарға дейін белсенділік танытты. Олар бала тәрбиесіне үстіртін қарамай, әр жасты болашақтың бағдары ретінде көру керектігін нықтап айтты.

Зейнеткер, ұлағатты ана Мәруаш Мұқатаева жас аналарға ақыл-кеңесін жолдаса, жас ана Зәуре Зейнуллаева баланы тұлға ретінде көру туралы ойын тарқатты.

Күміс алқа иегері Алмагүл Құсайынова өткен күндердегі жылы естеліктерімен бөлісті.

Пікір алмасу айдарымен өрбіген форум Т.Жароков атындағы орта мектебінің оқушысы Асылан Нұржановтың орындауындағы «Балбырауын» күйімен күмбірледі. «Оқуға құштар» жобасы аясында ертегілер мен балалар әдебиетін насихаттап жүрген аналар қауымы да тыс қалмады.

Оларға Лунара Сембиева логикалық тапсырмалар құрастырып, аналар қызықты сұрақтарға жауап берді.

Саз мектебінің балғын шәкірті Жәния Мұқанованың орындауындағы «Әжетайым» әніне зейнеткер, Талов ауылының тұрғыны Мәруаш Қуанышқалиқызы ризашылығын білдіріп, жас өнерпазға батасын берді. Шараның қатысушылары, көп балалы аналар Назгүл Рақымғалиева мен Алмагүл Құсайынова форум барысында шәкірттерімен бірге қазақы нақыштағы сәнге айналған тақиялар мен ою-өрнек бейнеленген жастықты тігіуге кірісті.

Аудандық саз мектебінің эстрадалық вокал сыныбының оқушысы Айлин Биболат «Анамның тілі» әнін шырқап біткенше, тақиялар мен жастық дайын болып, форумның қонақтарына және мектеп ұжымына сыйға тартылды.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале