15.05.2024, 17:15
Оқылды: 21

Аналарға марапат табыстады

Бөрлі ауданында әйелдер форумы өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Ашық көмек» қоғамдық қоры ұйымдастырған шара Халықаралық отбасы күніне орайластырылған болатын.

борли форум (3)

Шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақмарал Исмағұлова сөз алып, мектеп өміріні белсене қатысып жүрген көпбалалы аналарды, балалары білім, спорт, өнерде жетістікке жетіп, аудан намысын қорғап жүрген балалардың аналарын аудан әкімі Еркебұлан Ихсановтың алғысхатымен марапаттады.

борли форум (2)

Жалпы форумның мақсаты дүниеге ұрпақ әкелу жасындағы (15 - 49 жас аралығындағы) әйелдер мәселесіне ден қою, халқымыздың баянды болашағы ана мен бала денсаулығын, өмірге дені сау ұрпақ әкелуін, салауатты өмір құндылықтарын ұстануды, бала туу жасындағы келіншектердің жүктілікке дейін және жүктілік кезіндегі өз саулығына мән беруін насихаттау болды.

борли форум (1)

Шараға мемлекеттік мекемелердегі әйелдер, аудандық және ауылдық округтердегі аналар кеңесінің мүшелері, көпбалалы аналар, жас аналар, батыр аналар, іскер әйелдер кеңесі және іскер әйелдер ассоцациясының мүшелері, кәсіпкерлер қатысты. Шара 300 адамды қамтыды.

Форумда «Ана мен баланы денсаулығын қорғау орталығы» директорының орынбасары Индира Есентурлиева, жалпы тәжірибедегі дәрігер Айнұр Аманжолова, көп балалы ана Бақытгүл Айсағұлова және «Ашық көмек» ҚҚ директоры, психолог Ботагөз Байқадамовалар сөз алып, жүктілік кезіндегі дені сау баланы дүниеге әкелу бойынша және өз өміріндегі тәжірибе арқылы балалармен қарым-қатынас, жалпы, ана болу барысындағы маңыздылықпен бөлісті.

борли форум (4)

 Ананың психологиялық дайындығы, жүктілік кезінде өзіне ден қоймау, арадағы интервалдың жиі болуы, аяғы ауыр кезде дәрігерлердің берген кеңестерін орындамау барысында ерекше баланы дүниеге алып келген төрт ерекше баланың аналары берген сұхбаты көпшілік назарына ұсынылды.

 

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале