10.05.2024, 22:24
Оқылды: 22

«Аналарға тағзым! Аналарға құрмет!»

Дәл осындай атаумен Теректі аудандық кітапханасында аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

441411711_2595285000653378_3145595223607385018_n

Тағылымды шараға халықтық «Шежіре» әжелер ансамблінің мүшелері, көпбалалы, отбасы мен мамандықты арқалап, ел ісіне араласып жүрген ұстаз, кәсіпкер, іскер аналар қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров арнайы шақыртылған қонақтарға лебізін білдірді.

441867261_2595284647320080_8549121812398434233_n

- Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбегіне тағы бір ерекше күн енді. Ол өздеріңіздей асыл аналарымызға арналады. Аналар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт тілеймін. Әлемнің бастауы – аналар! Сіздердің арқаларыңызда біз адам болдық. Оны ешқашан ұмытпаймыз. Аудан әкімдігі атынан құттықтаймын. Ұрпақ қызығына бөленіп, ортамызда аман жүріңіздер,- деді Қалаубек Баубекұлы өз сөзінде.

441875971_2595284693986742_243212774637715497_n

Мамыр айының екінші жексенбісінде тойланатын Аналар күніне арналған дөңгелек үстелде «Дат» театры жанынан құрылған балалар үйірмесінің оқушылары жүректі тебірентер өлеңдер оқып, аналардың көзіне жас үйірді. Асыл жандарға аппақ тілектерін ән арқылы жеткізген «Өркен» балалар вокалдық ансамблі «Ана» әнін шырқады. Сағидолла Ізделеевтің орындауындағы «Анашым» әнін қосыла шырқап, іс-шараның шырайын кіргізді. Жүргізушінің тосыннан қойған сұрақтарына мүдірмей жауап берген аналар өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Балаларының бойындағы ең жақсы қасиеттерді, аналары туралы естеліктерді, жұмыс пен тәрбиені алыпжүрудің сырларын айтты.

441448327_2595284970653381_1270153385112898066_n

Сұрақтар оларды толқытып, жан-жақты қырлары ашылды. Ауданымызда осындай жандардың бары қуантты. Неге десеңіздер, барлық тіршілік аналардан тарайды. Өскелең ұрпақтың қоғамда рөлі бар, еліне пайдасы тиер азамат болғанын шын жүрегімен қалайтын олардан өнеге жиған бала жаман болмайды. Дөңгелек үстел соңында трениң өткізілді. Қонақтар берілген жемістердің біреуін таңдап, «Мен қандай анамын?» сұрағына көтеріңкі көңіл күймен жауап берді.

441904180_2595284523986759_3733457899178602958_n

Ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылып, естелік сыйлықтар табысталды.

 Ақтілек Әлібекұлы, 

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале