10.08.2021, 18:23
Оқылды: 43

Анасын ұрып өлтірді

Бәйтерек ауданына қарасты Трекин ауылдық округінде оқыс оқиға орын алды. Округке қарасты «Факел» саяжай қоғамдастығы аумағында орналасқан шаруа қожалығы жеріндегі вагон типтес жапсаржай ішінен зорлық белгілері бар 1960 жылы туған «Г» есімді әйел адамның  мәйіті табылды.

876BC041-156E-4961-A8ED-A648F1E7A9C4

Оқиға орнына жеткен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тез арада тергеу жұмыстарын бастап, қылмыскерді тапты. Анықтай келгенде «Г» есімді азаматшаны өз ұлы «Е» өлтіргені белгілі болды.

Қылмыскердің айтуынша, арақ ішу барысында анасы оның қалыңдығы туралы жағымсыз пікір білдіріпті. Оған шыдай алмаған ол «Г»-ні соққының астына алған. Бірнеше рет бетінен, кейін жерде жатқан келіншектің төсінен тағы тепкен.  «Г» алған соққы салдарынан оқиға орнында көз жұмыпты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалған. «Е» есімді азамат қамауға алыныпты. Іс сотқа жіберілген. Анасын ұрып жазым еткен жан 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

А.Болат,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале