8.12.2020, 10:04
Оқылды: 69

Анеля Ла-Манш бұғазын бағындырды

Англияда тұратын қазақстандық спортшы Анеля Сытдықованың Францияда 15 сағатта 38 километрді жүзіп өтіп, Қазақстанның туын желбіреткенін әр басылым жарыса жазды.

анг 1

Жерлес спортшының жетістігіне ауылдастары да бөріктерін аспанға атып, бір рухтанып қалғаны белгілі. 8 жасынан суда жүзумен айналысқан Анеля Тасқала ауданының тумасы. Орал қаласында өсіп-өнген спортшы Алматыда жоғары білім алып, кейін білімін Англияда магистратурада жалғастырған. Бүгінде қырық деген асуда жүрген А.Сытдықова Францияда Қазақстан географиялық қоғамы ҚБ-нің қолдауымен ағылшынның Ла-Манш бұғазын түнгі сағат 3:00-де жүзіп өткен еді. Шетелде Қазақстанның намысын жоғары көтерген спортшы Fordes.kz тілшісіне берген сұхбатында бала кезінен жүзуге ерекше ынтыққанын айтады.

– 2012 жылы бассейнге оралдым. Бұл кезде 34 жаста болатынмын. Және алғаш триатлонға жазылдым. Бұл 1500 м (40 км) 10 км олимпиадалық қашықтықтар болды. Менің міндетім небәрі үш айда осы аралықта тоқтаусыз жүзуді үйрену еді. Діттеген мақсатыма жеттім. Сондықтан мен жаңа бір нәрсені көргім келді, бұл ағылшынның Ла-Манш бұғазы болатын. Ла-Манш ең көне және танымал бұғаз. Ең алғаш оны 1875 жылы капитан Мэттью Уэбб 21 сағат 40 минутта жүзіп өтіп, жай ғана ішкиіммен ашық суда жүзудің стандарттарын орнатқан. Бүгінге дейін арнаны 2087 жүзуші кесіп өткен. Олардың 1423-і ер адам, 664і әйел. Бұл Эвересті бағындырғандар санынан бір есе аз. Жалпы, суға жүзу әрекеттерінің саны – 2663. Оның 1766-сы ер адам, 897-сі әйел. Олардың ішінде аты аңызға айналған, бұғазды тоқтаусыз жүзіп өткен атақты Сара Томакс бар. Биылдың өзінде 154 сәтті жүзу тіркелді, 2018 жылы – 141, ал 1995 жылы – 98 болған. Жүзушілер саны бойынша Англия, АҚШ, Австралия алда келеді.

анг2

Анеля Ла-Маншты еңсеруге дайындықты 2015 жылдан бастаған екен. Мәскеулік триатлон жаттықтырушысы Василий Можухинде жаттыққан. Және ол өз жаттықтырушысына сенген. Себебі ол да Анеляның жүзіп өтуге дайындығына үлкен сенім артқан. Сол себепті спортшының алдында екі міндет: қашықтық пен суға бейімделу тұрған. Ал, Ла-Манштағы қашықтық 34 шақырымды құрайтын. Бұл жалпы түзу сызық бойынша, бірақ толқындардың әсерін қоса есептегенде, одан да көп шығады. Мен жүзіп өткен ең үлкен қашықтық 10 шақырым болды, - дейді ол. Осындай діттеген мақсатына жетпей тынбайтын қайсар рухты жерлестеріміз көп болғай!

 

Тұрсын Тек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале