20.04.2022, 18:00
Оқылды: 96

Әңгіме өзегі – жазылымды көбейту

Шыңғырлау ауданы әкімдігінде «Жайық Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Табылғали Сатқалиұлы Сапаров қатысқан жиын болып өтті. Алдымен сөз алған аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова баспасөзге жазылу, оқырмандардың қолдауы, ақпараттың сауаттылық жөніндегі мәселелерге орай өз пікірін білдіре кетті. Аудан басшысы үстіміздегі жылдың І-ші жартыжылдығында облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттеріне, аудандық «Серпін» үнқағазына жазылуда аудан-ауыл тұрғындарының үлкен қолдау көрсеткендігін атап өтті. Әлия Биғазықызы сонымен қатар, баспасөзге жазылу науқанында әсіресе, ауылдық округ әкімдері тарапынан насихат-түсіндіру жұмыстарының жақсы жолға қойылғанын да айтып берді.

21

Жиынға қатысқан аудандағы мекеме-ұйым, ауыл әкімдері алдында сөз алған Табылғали Сатқалиұлы алдағы жартыжылдыққа жазылу барысында да шыңғырлаулықтар айтарлықтай үлгі көрсетіп, діттеген межеден шығуға өз үлестерін қосады деген сенімін білдіре келе, бүгінгі таңда ақпарат құралдары алдында тұрған міндеттерге, еліміздегі игі өзгерістерге, БАҚ туралы заң төңірегіндегі оң қадамдарға орай өз пікірімен бөлісті. Медиахолдинг директоры сонымен қатар газеттің ажарын ашатын айдарлар туралы да әңгіме өрбітіп, әлеуметтік желілердегі жиі көрініс тауып отыратын негізсіз ақпараттардан сақ болуға шақырды.

22

Басқосу бүгінгі таңда жақсыны жарқыратып көрсете алатын, күйбің тірліктегі келеңсіз жайттарды да айналып өтпейтін, халықтың ой-пікіріне де орын беретін газеттің беделін көтеру басты мақсат деген ортақ тұжырыммен қорытындыланды.

Г.Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале