4.05.2021, 17:30
Оқылды: 314

Аңқатыда ауқымды жоба жүзеге аспақ

«KazMeatIndustry» ЖШС директоры, инвестор Амантай Мурзағалиев Сырым ауданына қарасты Шолақаңқаты ауылдық округінің Аңқаты елді мекенінен қой шаруашылығын, экспортқа бағытталған қой етін өндіру, соның ішінде «Романов» тұқымын өсіретін үлкен жобаны бастамақшы. Меценат мал шаруашылығынан бөлек мұнай-химия өндіріс цехының да иесі. Бірнеше жылдан бері Иранға ет импорттап келеді.

 ме2

Меценат Амантай Сәбитұлы жоба аясында аңқатылықтармен, ондағы шаруа қожалығы жетекшілерімен кездесті. Кездесуде аудан әкімі Төлеген Төреғалиев те болды. Құны 11 млрд тұратын жоба 2021-2025 жылдары іске асырылады.

ме1

Инвестордың айтуынша, ауқымды жоба аясында мал азықтық дақылдарын өсіру, суармалы жерлерді қалпына келтіру, қой өсіру кешенін салу жұмыстары жасалады. Мақсат – шетелге етті тек мал қоңданған күзде ғана емес, жыл он екі ай бойы үзбей шығару.

ме3

Кешеннің аумағы 9820 гектар жерді құрайды. Кешеннің дүкені, балабақшасы, медпункті болады. Тұрғын үйлер салынып, ауылды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Күрделі жөндеуден өткен Аңқаты су қоймасына жан бітіп, онда балық пен үйрек бағылатын болады. Мыңдаған қойлардың қозылары үшін сүт округ қожалықтарынан алынады. Бұл шаруаның бәрін тындыру үшін Шолақаңқаты ауылдық округінің тұрғындары жұмысқа алынады.

 

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале