3.03.2022, 11:40
Оқылды: 45

Әншінің мерейтойына арналады

Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округіне қарасты Озерный ауылдық кітапханасы балалар модульді кітапханасымен бірлесіп, аламан айтыста қара үздіріп шабатын, ән салса Мұхит бабамыздай әуелетіп ән салатын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, дәстүрлі әнші, айтыскер, жыршы-термеші Хатимолла Берғалиевтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Дәстүрлі әннің рухын көтерген» атты тақырыптық кеш ұйымдастырды.

 19

Дариян ауылындағы кітапханада өткен шараның басты мақсаты өскелең ұрпаққа Хатимолла Бердіғалиевті таныстырып, қазақ халқының дәстүрлі ән өнерін насихаттау және жыр мен термеге деген қызығушылықты ояту болды.

Ән әуелеп, терме төгілген кешке Хатимолла Бердіғалиевтің шәкірті, дәстүрлі әнші, Дариян ауылының тұрғына Жақсылық Исламғалиев, мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Шара басында кітапханашы Динара Ғизатова жыршы-термеші, дәстүрлі әнші Хатимолла Бердіғалиевтың өмірбаяны мен шығармашылығы жайында айтып, оның тағылымға толы өмірі жөнінде баяндады.Кейін сөз алған жыршының шәкірті Жақсылық Исламғалиев ел еркелетіп «Қатақа» атап кеткен тума талант иесі туралы естеліктерімен бөлісіп, ұстазының көпшілік біле бермейтін қырлары жайында айтып берді. Слондай-ақ осы күні елге танылып үлгерген Хатимолла әншінің Армат Исламғалиев, Қайрат Кәкімов, Сәуле Таудаева, Күләш Қуанышқалиева сынды шәкірттері жайында да біраз мағлұмат беріп өтті.

 

-Ақжайық өлкесі ән мен жырдың мекені. Ел ықыласына бөленіп, сахнаның көркін қыздырып жүрген айтыс ақыны, дәстүрлі ән өнеріндегі биік тұлғалар Мұхит Мерәліұлы, Ғарифолла Құрманғалиевтың жолын жалғастырған өнерпаздар аз емес. 2011 жылы 3 аудио дискісі  және «Жүзден жүйрік шыққандар» атты кітапшасы жарық көрді. Мұның өзі менің ұстазымның мықтылығын танытады. Бабалар дәстүрін дәріптеген Хатимолла Бердіғалиевтің шәкірттері барда қазақтың әні ғасырдан-ғасырға жете бермек,- деді шараға қатысқан Жақсылық Исламғалиев.

20

Одан соң кеш қонағы жас жеткіншектер мен кітапхана оқырмандарының тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, бірнеше ән орындады.

Шара соңында сөз алған ауылдық кітапхана меңгерушісі Шолпан Сұлтанғалиева кеш қонағы Жақсылық Исламғалиевке алғысын айтып, ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале