10.05.2026, 10:32
Оқылды: 3

Апта соңындағы жиын: Теректіде тәуекел тобындағы балалар мәселесі қаралды

Теректі ауданы әкімдігінің кіші залында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың төрағалығымен және БҚО балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы Альфия Дунекованың қатысуымен «Тәуекел тобы» балаларына жеке сүйемелдеу мәселесі бойынша отырыс өтті.

IMG_3576

Аталған басқосуда «тәуекел тобына» жататын балаларға жеке сүйемелдеу мәселесін жан-жақты қарастыру мақсатында бірнеше сала мамандары жұмылдырылып, әр сала өз деңгейінде жасалған жұмыстары туралы баяндады.              

Отырыс кезінде өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе бақылауды қажет ететін балалармен жүйелі, үйлестірілген жұмыс жүргізу маңыздылығы сөз етілді.

Осы тақырып аясында күн тәртібіне сәйкес бірінші сөз кезегі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Индира Амертаеваға берілді. Индира Сапарқызы Теректі ауданы бойынша қызыл аймаққа шыққан балалар туралы мәлімет беріп, әлеуметтік және психологиялық көмек, сынып жетекші әрекеттері тарапынан және өзге де сала мамандарымен жүргізілген жұмыстары жайында бөлісті.

      Келесі мінбердегі сөз тізгінін аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары  Ренат Рахимовалып, тәуекел тобындағы балалар жайлы ақпарат берді. Күн тәртібіндегі тақырып бойынша аудандық аурухана директоры Дархан Хайрушев балалардың денсаулық жағдайы, жүргізілген сараптамалар жөнінде мән жайын жеткізді.

Апта соңында көтерілген мәселелер аясында отбасы орталығының директоры Мирас Сапарғалиев өз тарапынан жасалған жұмыс жайымен таныстырды. Жиналыс барысында аталған тақырып бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, «тәуекел тобындағы» балалармен жұмыстану үрдісі жайында сұрақтар қойылды. Сонымен қатар өзекті тақырып шеңберінде қатысушылар пікірлерін ортаға салып, мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды.

Қорытынды сөз кезегі БҚО балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманыАльфия Дукеноваға ұсынылды. Жиын соңындабарлық жауапты органдар өзара тығыз байланыста жұмыс істеп, әр баланың жағдайын жеке бақылауға алуы қажеттігі айтылып, жауапты басшыларға тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Қаламқас Саясатова

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале