15.10.2021, 14:36
Оқылды: 87

 «Арай» көрерменді тәнті етті          

Таяуда облыстық мәдениет басқармасы және Бөрлі ауданы әкімдігінің қолдауымен, Бөрлі аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен вокалды-аспаптар ансамбльдер шығармашылығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» атты вокалды-аспаптар ансамбльдерінің облыстық  байқауы ұйымдастырылған болатын.

E275372F-D0A9-41B5-A766-C06AFDC9D4B1

Байқаудың мақсаты - өнер ұжымдарының жанды дауыста орындайтын кәсіби шеберліктерін дәріптеу, талант иелерінің шеберлігі мен шығармашылық ізденістерін ұштастыру, аспаптық музыканы кеңінен насихаттау, жастардың вокалды-аспапты ансамбль жанрына деген қызығушылықтарын ояту, арттыру. Байқауда Қазақстан сазгерлерінің репертуарлары мен ретро әндер, еркін тақырыптағы әндер орындалды.

 Сайын Ажғалиев жетекшілік ететін Халықтық «Арай» вокалды аспаптар ансамблі өнер додасына қатысқан үміткерлер ішінен озық шығуға барын салды. Ансамбль құрамындағы Мұхит Байғалиев, Тілектес Ажғалиева, Сансызбай Сұлтанғалиев және Сайын Асанұлы өз репертуарындағы заманауи әндерді көрермен жүрегіне жеткізуге тырысты. Өнерпаз топтың сахнада өзін-өзі ұстауын, сахна мәдениетін сақтап, аспаптарда шебер өнер көрсете алғанын әділқазылар алқасы ерекше атап өтті. Нәтижесінде, өнер тобы жүлделі ІІІ орынды иеленіп қайтты.

Байқауда Бейнегүл Сарсенова мен Әмірхан Жұбаниязов дуэті, Аңсаған Хибашевтың, Асылбек Меңдіғалидың әуелете салған әндері көрермендердің көңілінен шығып, ыстық ықыласына ие болды.

 Өнер додасында топ жарып, кәсіби шеберліктерін дәлелдеген ұжымға алдағы уақытта да жемісті жолдарын жалғастырарына сенеміз.

                           Айгүл Байғалиева,

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінің әдіскері

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале