7.09.2021, 12:13
Оқылды: 71

Аралталдан 1200 жер телімі берілуде

Бөрлі ауданы бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың саны  2469 адам құрайды. Аудан тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Ақсай қаласының 10 шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлер салынуда.

мммм

Бүгінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде үш 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Біреуі жергілікті атқарушы органның кезегінде тұрған азаматтар үшін, қалған екеуі "Отбасы банкінің" салымшылары үшін салынуда. Бұл жұмыстарға бюджеттен 4,3 млрд. теңге көлемінде қаржы бағытталған.

- Қазіргі уақытта, жоғарыда аталған үйлердің біреуінің құрылысы толық аяқталып, иелеріне пәтер кілттері табысталды. Ағымдағы жылы қалған екі үйдің құрылысын бітіріп, тағы да 16 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді қолданысқа беретін боламыз. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі тұрғын үйлердің құрылысын жалғастыру мақсатында, Ақсай қаласының 10 шағын ауданында екі көп қабатты тұрғын үйдің құрылыстарына қажетті құжаттамалар жасақталды. Ауданымызда жер кезегінде кезекте тұрған азаматтар үшін Аралтал шағын ауданынан 1200 жер телімдері беріліп жатыр. Бүгінде 700-ден астам учаскенің тиісті рәсімдері өткізіліп тұрғындарға үйлестірілді. Қалған 500-дей жер теліміне үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді Өңірлік коммуникациялар алаңында есеп берген Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов.

Спикердің айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында Ақсай қаласының шығыс бағытында 1186 жер учаскесіне арналған «Жилой массив-2» тұрғын үй алабы жобасын газдандыру, электрлендіру және көшені жарықтандыру жұмыстары бастау алған. Жобада 33 шақырым газдандыру құбырларын, 36 шақырым электр беру желілерін және 570 көше жарықтандыру тіректерін төсеу көзделген.

Сол сияқты, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында Бөрлі ауылында кезекте тұрған азаматтар үшін 680 учаскеге арналған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының құрылысы бастау алған.

 

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Сурет massaget.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале