10.04.2020, 20:38
Оқылды: 101

 Аралтөбелік кәсіпкер  11 отбасыға ет таратты

Аралтөбе ауылындағы "Сұлтан А" шаруа қожалығының жетекшісі Амандық Молдашев кеңпейілдігін, қысылтаяң сәтте елмен бірге екенін көрсетті.

F540AB52-C032-463F-8E88-C0FF6FCC1375

Ол бордақылауда тұрған 2 жасар ірі қара малын сойып, етін 11 отбасыға таратты.

А. Молдашев жақсылығын жария етпей, ешкімге айтпастан етті мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізіп берген.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале