27.11.2020, 21:22
Оқылды: 75

Ардагер спортшы - мерейлі жаста

Бүгін Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округінің әкімі мен Жалпақтал ауылындағы Қазталов аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еңбек ұжымы ұзақ жыл бір мектепте қызмет етіп зейнеткерлікке шыққан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ардагер ұстаз Қауметов Нұрлан Қажиақпарұлын 65 жасқа толған туған күніне орай құттықтады.

9CEAB448-226B-4016-A5E2-6925E1B6702F

Салтанатты басқосуда сөз алған ауыл әкімі Әлия Нәсіпқалиқызы мен ардагер спортшының әріптестестері туған күн иесіне зор денсаулық тілеп, Қазақстан самбо және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Р.Жошыбаев пен облыстық спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың және ардагер спортшының шәкірттері атынан алғысхаттар мен сыйлықтар ұсынып, Нұрлан Қажиақпарұлының иығына шапан жапты.

Туған күніне орай салтанатты қабылдау жасап, құрмет көрсеткен ауыл әкімі Әлия Жақсыбаева мен қай кезде де жанынан табылуға тырысатын ынтымақты ұжымына разы болған Нұрлан Қажиақпарұлы шараға қатысушыларға алғысын білдірді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале