28.11.2019, 13:04
Оқылды: 115

Ардагер спортшыны құттықтады

Қазталов ауданының Жалпақтал ауылында аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еңбек ұжымы ұзақ жыл бір мектепте қызмет жасаған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ардагер ұстаз Нұрлан Қажиақпарұлы Қауметовті туған күнімен құттықтады.

qaztalov sport (2)

Басқосуда сөз алған спорт мектебінің директоры Айбар Мұғалбаев еңбегі еленген ардагер спортшының зейнеткерлік жасқа шығуымен құттықтап, ұжым атынан алғысхат пен сыйлық табыс етті. Сонымен бірге мектеп ұстаздары Ғаділбек Сатыбалдиев, Ертілеу Сарманов, Құрманғазы Махамбетұлы ардагер ұстаздың жас спортшыларды тәрбиелеудегі ерен еңбегіне тоқталып, алда да жас жеткіншектерге бапкерлік тәлім-тәрбиесін жалғай беруге ұсыныс жасады. Қай кезде де жанынан табылуға тырысатын ынтымақты ұжымына разы болған Нұрлан Қажиақпарұлы ілтипатын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Қыдыр Қарабала

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале