1.11.2023, 17:15
Оқылды: 34

Ардагер тілші еңбек демалысына шықты

Ұзақ жылдар журналистика саласына тер төккен тәжірибелі тілші Асқар Құсайынов еңбек демалысына шықты.

IMG_3277

 Зейнет жасына шыққанымен жастармен иық тіресіп және оларға бағыт беріп келген тісқаққан маман Асқар Орынғалиұлын Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов қабылдап, ақжарма лебізін білдірді.

- Сізге ауданымызда баспасөз, журналистика саласын дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Бүгінде алпыс жастың асуынан ассаңыз да, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, артыңыздан ерген саналы ұрпаққа үлгі бола білдіңіз, - деді Жақсылық Абдолов.

Баспасөздің маңызы талқыланған қабылдауда аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Гүлзара Төреғалиева да ұжым атынан алғыс айтты. Құттықтауларға риза болған ардагер тілші:

- Елеп жатқан аудан әкімдігіне, ұжымыма, жалпы жәнібектік жақсыларға алғысым шексіз. Зейнет жасына әлдеқашан шықсам да, жастармен жұмыстанып, тынысымның тағы да ашылуына мүмкіндік берілді. Ауданымызда редакция жұмысына талаптанып жүрген жас көп. Ендігі кезекте сол жастарға үміт артамыз,- деп келелі ойларын жеткізді.

 

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале